WBO және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі Эрисланди Лараға қарсы 6 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты) өтетін бокс кешінде жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Жәнібек Әлімханұлымен болатын жекпе-жек бүкіл әлемге менің жасымда да үздіктермен айқасып, барлық болжамдарға қарсы тұра алатынымды көрсетеді. Бұл екеуміз үшін де қауіпті кездесу, өйткені біз екеуміз де чемпионбыз. Бұл керемет айқас болмақ», – деді Эрисланди Лара.
Отандасыиыз соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа жіберіп, өз атақтарын қорғап қалды. Айта кетсек, қазақстандық боксшы IBF чемпионы атағын екі жыл бұрын, ал WBO белбеуін оған дейін бір жыл бұрын иеленген еді.
42 жастағы Лара өткен жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде ол екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион, америкалық Дэнни Гарсияны (37-4, 21 KO) техникалық нокаутпен жеңген.