Ол бұған дейін бұл қызметті атқарған Мұстафа Йылтан Октемнің орнына келді.
Абыл Әбішұлы Кекілбаев – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы әрі ойшыл Әбіш Кекілбайұлының немересі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Болашақ авиация маманы Азаматтық авиация академиясында "Әуе көлігін пайдалану" мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Қаржы", Рига аэронавигация институтында "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын пайдалану" бағыты бойынша оқыған. Кейін Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін тәмамдап, Канада, Сингапур және Әзербайжанда біліктілігін арттырған.
Еңбек жолын 2006 жылы Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығында диспетчер болып бастаған.
- 2007–2008 жылдары – Аэронавигациялық ақпарат қызметі басшысының орынбасары,
- 2008–2009 жылдары – Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру орталығы басшысының орынбасары,
- 2009–2014 жылдары – Аэронавигациялық ақпаратты басқару департаментінің басшысы қызметтерін атқарған.
- 2016–2017 жылдары Канададағы Монреаль қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) аэронавигациялық бюросында жұмыс істеді. Ол – аталмыш ұйымның Орталық хатшылығында қызмет еткен алғашқы қазақ азаматы.
Кейінгі жылдары Абыл Кекілбаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі (2017–2019) және "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайы басқарма төрағасының кеңесшісі (2020–2022) болып еңбек етті.