«Қазгидромет» РМК-сы 29 қазандағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, фронталды бөліктердің әсеріне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыс және оңтүстіктің таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады, тек еліміздің орталығында жоғары қысымға байланысты күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында – жел күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 25 м/с болады. Күндіз Қазақстанның солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с болады, күндіз облыстың солтүстігінде – көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, таңертең және күндіз тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл облысының таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында да тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында тұман болады.

Қарағанды облысының орталығында және шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік аумағында тұман күтіледі.