Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полицияға жәбірленуші ер адам жүгініп, Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген азаматтың ҰБТ-ны тапсыруға көмек көрсетемін деген желеумен өзінен 1 млн теңге көлемінде ақша алғанын хабарлаған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.