Пранк барысында қоғамдық тәртіпті бұзған, жеке адамның өміріне қол сұққандарды анықтап, олардың бірыңғай тізімін жасап жариялау ұсынылды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев пранк жасайтын блогерлерге қатысты қатаң шара қолдануды талап етті.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Сәрсенғалиев соңғы кезде пранкпен танылған блогерлерді тізім шықты. Олардың ішінде лифтте өтірік мәйітпен және тапаншамен адам қорқытқан, «24 сағат табытта» атты челлендж бастаған және аула сыпырушыларға қоқыс лақтырған блогерлер бар. Ал Аружан Айбекова деген блогер Қытайды шулатқаннан кейін тынышталған жоқ. Ташкент метросында жігіттердің қолынан ұстап, жасырын бейнежазба жасап жүр. Депутат ондай блогерлерге қатысты қатаң шара қолдануды ұсынды.
Олар: Пранк барысында қоғамдық тәртіпті бұзған, жеке адамның өміріне қол сұққандарды анықтап, олардың бірыңғай тізімін жасап жариялау;
Қауіпті пранк арқылы адамның ар-намысы мен абыройына қол сұққандардың әлеуметтік желідегі парақшаларын дереу бұғаттау;
Әлеуметтік желі әкімшілерінен қауіпті пранктер мен бейнежазба жарияланған парақшаларды анықтап, уәкілетті органға жедел хабарлау.
«Қазір пранк деген парықсыз әрекеттің тағы бір түрі пайда болды. Ол жасанды интелекпен жасалады. Бірінде мемлекет басшыларының, лауазымды тұлғалардың қандай да бір дүкенге сауда жасауға келгені бейнеленген. Цифрлық технологияны білмейтін адамның санасы сан саққа жүгіреді, сеніп қалады. Маркетинг үшін деп жасанды интелект арқылы мұндай жасандылыққа жүгінуді тоқтату керек», — деді Сәрсенғалиев.