Жәбірленуші – II топтағы ерекше қажеттілігі бар зейнеткер.

Қылмыстық оқиға Жылыой ауданы, Қошқақыл ауылында тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Атырау облысында белгісіз әйел зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оған сірке қышқылын шашқан. Содан соң үйден оның алтын бұйымдарын тонап, ізін жасыруға тырысқан.

Химиялық күйіктен зардап шеккен үлкен кісінің көру қабілеті біршама төмендегені жайлы дерек бар. Туыстарының сөзінше, ауыр жағдайына қарамастан жәбірленушіні көп ұзамай үйіне жіберген.

Қазіргі уақытта полиция шабуылдаушының жеке басын анықтаған, қылмыстың мән-жайын тергеуде. Зардап шеккен кісінің туған-туыстары істі ауыр денсаулыққа зиян келтірген тонау ретінде қарастыруды талап етіп жатыр.