Жалпы, биыл Қостанай облысы қамбаға 6,6 миллион тонна астық құйды, бұл өткен жылғы көлемнен едәуір көп.

Қостанай облысында егін орағы аяқталуға жақын. Қазір дәнді дақылдар алқабының 99,3 пайызы жиналып, орташа өнімділік гектарына 16 центнерден асып отыр. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл өңір шаруаларының кейбірі гектарына 60 центнерге дейін астық алған. Мұндай нәтиже өңір тарихында алғаш рет тіркеліп отыр.

Астық түсімі бойынша Сарыкөл ауданы көш бастап тұр, мұнда гектарынан орта есеппен 22 центнер өнім алынған.

Дегенмен, ауа райы кедергісіз болған жоқ. Тамыз-қыркүйек айларындағы жауын-шашыннан кейін бидай ылғалдылығы 20%-ға дейін көтерілген. Соның салдарынан астықтың шамамен жартысы үшінші сұрыпқа жатқызылды.

Қазір өңірдегі 3 элеватор мен 30 кептіргіш кешен толық қуатта жұмыс істеп тұр. Жалпы, биыл Қостанай облысы қамбаға 6,6 миллион тонна астық құйды, бұл өткен жылғы көлемнен едәуір көп.