Бөлімдер
Жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, бейсенбі, 30 қазан күні еліміздің басым бөлігінде аспанды бұлт торлайды. Дегенмен оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз, жайлы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнгі температура −2…−4 °C шамасында болса, күндіз ауа +12…+14 °C-қа дейін жылынады.

Алматыда күн ашық, түнде +7…+9 °C, ал күндізгі температура +15…+17 °C аралығында күтіледі.

Шымкентте ауа райы жылы әрі жайлы: аспан бұлтты болғанымен, жауын жаумайды. Түнде +5…+7 °C, күндіз +21…+23 °C шамасында болады.