Бұл процесс дереу басталмақ .

АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынақтан өткізуді дереу бастауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақ үй басшысы бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазған. Оның айтуынша, әлем бойынша АҚШ-та ең ірі ядролық қару бар.

"Ресей екінші орынға орналасты, ал үшінші орында тұрған Қытай бес жыл ішінде теңеседі. Басқа елдердің ядролық сынақ бағдарламаларына байланысты Қорғаныс министрлігіне ядролық қаруымызды тең негізде сынақтан өткізуді бастауды тапсырдым. Бұл іс дереу басталады", – деп жазды Трамп.

Айта кету керек, бұған дейін Оңтүстік Корея кедендік баж салығын төмендету үшін АҚШ-қа 350 млрд доллар төлейтінін жазғанбыз.