Ұйым шиеленістің күшеюінен аулақ болуға шақырды.

БҰҰ АҚШ президенті Дональд Трамптың ядролық сынақтарды қайта бастау туралы мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак шиеленістің күшеюінен аулақ болуға шақырды. БҰҰ мұндай жағдай қатерлі салдарға әкелуі мүмкін деп отыр.

"Бас хатшы қазіргі ядролық қауіп-қатер тым жоғары екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ол апатты салдарға апаруы мүмкін кез келген әрекеттен бас тарту қажет екенін ескерткен", – деді Фархан Хак брифинг кезінде.

Оның айтуынша, ядролық сынақтарға ешқандай жағдайда жол берілмегені жөн. БҰҰ Бас хатшысы да осындай пікірде екені айтылды. Фархан Хак соңғы 80 жыл ішінде жүргізілген екі мыңнан астам ядролық қару сынақтарының жойқын зардабы бар екенін еске салды.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға ядролық қаруды сынақтан өткізуді дереу бастауды тапсырғанын жазғанбыз.