Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепте қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Дене шынықтыру сабағында 5-сынып оқушысы Арнұр Көшербай стадион қоршауына шығып, тайып кетіп, жарақат алды.
Мектеп өкілдерінің айтуынша, сырт көзге ауыр жарақат байқалмағанымен, бала ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер операция жасағанымен, Арнұрдың жүрегі тоқтап қалды.
Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Прокуратураның ұсынысымен мұғалім тергеу аяқталғанға дейін уақытша қызметінен шеттетіледі.
 
                         
                                            