Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады
Үндістанның Indian Oil Corp (IOC) ең ірі мұнай компаниясы Ресейден мұнай сатып алуды қайта жандандырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.
IOC концерні желтоқсанда жеткізілетін ресейлік ESPO маркалы мұнайдың бес партиясын санкция тізіміне кірмейтін жеткізушілерден сатып алған. Бұл жалпы көлемі 3,5 миллион баррель мұнайға қатысты. Агенттіктің хабарлауынша, Үндістан Ресей мұнайын импорттауды тоқтатсын деген АҚШ-тың талабына қарамастан, сатып алуды қайта жалғастырмақ.
Indian Oil Corp компаниясының қаржы директоры Анудж Джайн халықаралық санкцияларды бұзбайтын жеткізілімдер болған жағдайда концерн ресейлік мұнайды сатып алуды жалғастыратынын айтқан.
АҚШ жақында Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді. Қара тізімге "Роснефть" пен "Лукойл" сынды екі мұнай компаниясы кірді.
Айта кету керек, бұған дейін Үндістан Ресей мұнайын сатып алуды тоқтататынын жазғанбыз. Кейін Үндістан Трамптың мәлімдемесіне жауап берді. БАҚ-та Үндістан Ресейден мұнай импортын екі есе қысқартқаны туралы ақпарат шықты.
 
                         
                                            