Қызылорда мен Түркістан облысында суармалы суды заңсыз пайдаланғандар анықталды. Олар егістік алқаптарына су айдау құрылғыларын рұқсатсыз орнатып алған.

Бұл деректерді «Арал–Сырдария бассейні» инспекциясының мамандары анықтады. «Су кодексіндегі» өзгеріске сәйкес, аталған инспекция биыл қадағалау құзыретіне ие болды. Жауаптылардың мәліметінше, жыл басынан бері суды заңсыз пайдалануға қатысты 439 әкімшілік хаттама толтырылып, 47 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның жартысынан көбі өндірілді.

Зейнолла Қазтоғанов , «Арал-Сырдария» бассейні» инспекциясының басшысы:

- Біз арнайы су пайдаланушының рұқсат құжатынсыз пайдаланған деп жыл аяғында Салық комитетіне оны да береміз. Өйткені арнайы су пайдаланушының рұқсат құжатынсыз су пайдаланған тұлғалар, яғни судың өзінің салығы бар. Соны 5 еселенген арнайы су пайдаланушыға төленетін болады.