2025 жылдың қарашасының басында Астанада алғашқы қар түседі, ал Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауып, ауа температурасы +22°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана бойынша болжам
• 1 қараша: бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыс желі 9–14, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +5…+7°C.
• 2 қараша: ауыспалы бұлттылық, күндіз жаңбыр. Түнде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 3–8, күндіз 9–14 м/с. Температура түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C.
• 3 қараша: ауыспалы бұлттылық, кей жерлерде жаңбыр мен қар, күндіз көктайғақ. Солтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, 9–14, кей жерлерде 15–20 м/с дейін күшейеді. Температура түнде және күндіз +1…+3°C.
Алматы бойынша болжам
• 1 қараша: ауыспалы бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр. Оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +10…+12°C.
• 2 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Температура түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.
• 3 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C.
Шымкент бойынша болжам
• 1 қараша: ауыспалы бұлттылық, түнде жаңбыр. Батыс және оңтүстік-батыс желі 8–13, түнде екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +14…+16°C.
• 2 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8–13 м/с. Температура түнде +3…+5°C, күндіз +20…+22°C.
• 3 қараша: ауыспалы бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр. Оңтүстік-батыс желі 8–13, күндіз екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +5…+7°C, күндіз +10…+12°C.