Қазақстан УЕФА Конференция лигасының 2028 және 2029 жылғы финалдарын өткізуге өтінім берді. УЕФА бұл ұсынысты қабылдаған жағдайда ақтық сындар Астана немесе Алматыда өтуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
УЕФА ресми сайтында 2028 және 2029 жылғы Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалдарын өткізуге қызығушылық танытқан 15 ұлттық ассоциацияның тізімін жариялады.
Қазақстан Конференция лигасының финалын өткізуге өтінім берді. Біздің еліміз "Астана Арена" мен "Алматы Арена" стадиондарын ұсынды. Қала мен стадионға қатысты нақты шешім ресми өтінім берерде қабылданады.
Айта кетерлігі, қазір финалдар өткізуге қызығушылық білдіру туралы өтінімдер ғана беріліп жатыр. Нақты ұсыныстарды барлық қажет құжаттармен бірге 2026 жылдың 10 маусымына дейін өткізу керек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
 
                        