Қазақстанның ішкі істер министрлігі әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Министрліктің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ресми мәліметке сәйкес, Екатерина Бивол "қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеуде" деп көрсетілген.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Тергеуге дейінгі тексеріс жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", — деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады. Әлеуметтік желілерде әйелдің қырғыз халқын балағаттаған видеолары тарап, ел ашуын тудырған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
 
                        