АҚШ келесі жылдан бастап қабылдайтын босқындар санын күрт қысқартуды жоспарлап отыр. Жаңа квота небәрі 7,5 мың адамды құрайды. Бұл — Америка тарихындағы ең төмен көрсеткіш.
Ақ үйдің мәлімдеуінше, орындардың басым бөлігі Оңтүстік Африкада кемсітушілікке ұшыраған ақ нәсілділерге бөлінбек. Бұл Джо Байден билігі кезіндегі жылдармен салыстырғанда өте аз. Ол уақытта АҚШ жыл сайын саяси босқын мәртебесін 125 мың адамға берген. Сондықтан халықаралық құқық қорғау ұйымдары Трамп әкімшілігінің жоспарын сынға алып жатыр.