"Қазгидромет" РМК 1 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Абай облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыстан, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. 01-03 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, түнде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түседі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз