Синоптиктер ауа райы бұзылуына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл тұратынын ескертті деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
2 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі.
2 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
2 қарашада күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
2 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, күндіз екпіні 25 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 2 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
2 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Орал қаласында 2 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
2 қарашада түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 2 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.
2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Петропавл қаласында 2 қарашада түнде және таңертен тұман түседі.
2 қарашада Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
2 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік жүреді. Талдықорған қаласында 2 қарашада түнде 3-5 градус үсік жүреді.
2 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
2 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 2 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
2 қарашада түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.
2 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
2 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз