Әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастады.
Ол америкалық теннисші Аманда Анисимованы (әлемнің 4-ракеткасы) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде ұтты.
Матч бар болғаны 58 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина жеті эйс орындап, бір ғана қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті іске асырды.
Серена Уильямс тобына түскен қазақстандық теннисші келесі кездесуін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен (Польша) өткізеді.