Қытай төрағасы Си Цзиньпин жасанды интеллектіні бақылау мен реттеу үшін Дүниежүзілік ұйым құруды ұсынды. Оңтүстік Кореяда өткен АТЭС саммитінде Си Цзиньпин құрылым халықаралық деңгейде ортақ ереже жасауға мүмкіндік беретінін және қолданыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін алға тартты.
Қытай осы салаға жыл соңына дейін 98 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Ал сарапшылар елдің жалпы ішкі өнімі алдағы үш жылда 0,3%-ға өсуі мүмкін деп болжайды.