2025 жылғы 2 қарашада Қосшы қаласында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көпқабатты үйден 40 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, "112" желісіне Қосшы қаласындағы Жангелдин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінен түтін шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына келген ТЖД бөлімшелері екінші қабаттағы пәтердің электр қалқаншасында қысқа тұйықталу болғанын, бірақ өрт тұтанбағанын анықтаған.
"Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 адамды эвакуациялады", — деп мәлім етті министрлік.
Зардап шеккендер жоқ.