Алматыда 14 қазанда жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамың денесі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілер тобы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, 1990 жылғы Әбдусалам Тасқұлов 14 қазанда жоғалған болатын. Ер адам сағат шамамен 22:30-да Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" ықшам ауданынан шығып, үйіне оралмаған.

Еріктілер тобы азаматтың табылғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлап, оның жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Әбдусалам Тасқұловтың қандай жағдайда қайтыс болғаны әзірге хабарланған жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз