Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы “ҚазАвтоЖолдың” баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

“Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты 2 қараша сағат 19:00-ден бастап республикалық маңызы бар “KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)” автожолының 180–243 шақырым аралығында көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі”,-делінген хабарламада.

Жылдамдық режимін 3 қарашада сағат 09:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты жүзеге асырылады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз