”Қайрат” футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев “Пафосқа” қарсы өткен матчтың билет бағасына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы ол Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатынба айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қайрат Советайұлының айтуынша, “Қайрат” УЕФА Чемпиондар лигасындағы алдағы матчтарын ел астанасында өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Тіпті клуб желтоқсан және қаңтар айларындағы ойындарды Астанада өткізуге рұқсат сұрап, УЕФА-ға ресми хат жолдаған.
”Қайраттың” келесі екі ойыны үйде өтеді. 9 желтоқсанда “Олимпиакосқа” қарсы ойнаса, 20 қаңтарда “Брюггені” қабылдаймыз. Біз матчтарды Астанаға ауыстыру туралы өтініш жібердік. Себебі, ол желтоқсан мен қаңтарда күн суық. Есімде, өткен жылы 12 желтоқсанда “Челси” мен “Астана” ойнағанда суық болды. Біз Алматыда ойнауға дайынбыз. Бірақ, стадион ашық, жанкүйерлерімізді де ойлауымыз керек. Астанадағы стадионда 9 желтоқсан мен 21 қантарда ешқандай іс-шара болмайды екен. УЕФА матчтың Астанада өтеуін мақұлдады. Стадион басшылығымен де сөйлестік. Енді ауа-райы қалай болатынын күтеміз. Дегенмен егер ауа райы мүмкіндік берсе, күн жылы болса матч Алматыда өтуі де мүмкін. Бірақ біз шешімді УЕФА-ға ертерек, 1 ай бұрын айтуымыз керек болады”, — деді Қайрат Боранбаев.
Сондай-ақ, Боранбаев “Қайрат” — “Пафос” ойынының билет бағаларына қатысты сұраққа да жауап берді.
”УЕФА-мен арнайы регламент бар. Егер, сен басқа стадионды жалға алсаң, билет бағасын өзің шешесің. Бағаны өзіміз қоямыз, бірақ қандай болатынын әлі білмеймін. Кішкене уақыт керек. Бір жақсысы, бұл жолы бағаны УЕФА-дан сұрамаймыз. Алматыда өткен ойындарда олар бізге ұсыныс берді. Олардың арасында чемпиондар лигасының жеңімпазы бар. Сондықтан олар бағаны Чемпиондар лигасы деңгейіндегі матчқа сай болатындай деңгейде ұстап отыр. Астанада билет арзандауы да мүмкін.
”Пафоспен” өткен матчта екі сектор ғана 250 мыңнан болды. Қалғандары 30 мың, 75 мың, 150 мыңнан болды. Біз бағаны түсірдік. Негізі, біз билеттерді сату үшін жақсы ортақ шешім таба алдық деп ойлаймын. Өкінішке қарай, стадион толмады. Бірақ, футбол тамашаланғаннан ләззәт алатын нағыз жанкүйерлер келді. УЕФА-дан мүмкін, біз “Пафостың” билет бағасын түсірерміз деп сұрадық. Олар “сендер бағаны қалдырыңдар, бірақ секторлар арасындағы баға саясатын өзгертіңдер” деген ұсыныс айтты”, — дейді ол.
Еске салайық, Чемпиондар лигасының үшінші турында “Қайрат” кипрлік “Пафоспен” (0:0) тең ойнаған еді, ал 6 қараша күні команданы Миландағы “Интерге” қарсы сырт алаңдағы маңызды матч күтіп тұр.