Алматы хайуанаттар бағында тарихи сәт орын алды. Осыған орай, зообақ қызметкерлері желі арқылы азаматтарға жүгінді, деп хабарлайды Zakon .kz.
Алғашқы жаңалық – Алматы зообағына – 88 жыл!
"Алматы хайуанаттар бағының 88 жылдығына орай барша қала тұрғындарын ізгі шараға қатысуға шақырамыз —жануарларға сыйлық сыйлаңыз! Акция аясында көкөністер мен жемістер қабылданады: алма, сәбіз, қырыққабат, асқабақ, қарбыз және басқа да өнімдер.Жиналған барлық тағамдар біздің жануарларға беріледі! Күні: 7 қараша. Орны: орталық кіреберіс, фотозонаның қасында",- делінген ақпаратта.
Ал, екінші ақжолтай хабар – дүниеге келген екі шөнжік. Осыған орай, мамандар азаматтарды жаңа тіршілік иесіне есім беруде атсалысуға шақырды.
Бұған дейін Атыраулық жас электриктің қалай Қайрат Нұртастың сенімді серігіне айналғанын жазғанбыз.