Хюэ қаласында 400 тұрғын эвакуацияланды.

Вьетнамның орталық бөлігінде нөсер жауын болып, соңы су тасқынына ұласты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

VietnamNews басылымының хабарлауынша, су тасқынынан қаза тапқандардың саны 42 адамға жетті. Табиғи апат салдарынан Хюэ қаласында 400 тұрғын эвакуацияланды.

"Қазіргі таңда аймақта қолайсыз ауа райы салдарынан 42 адам қаза тапты немесе із-түзсіз жоғалып кетті. Синоптиктер жаңа жауын-шашын болатынын ескертті", – делінген хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та су тасқыны салдарынан 37 адамның қаза тапқаны айтылған болатын. Орталық Вьетнамдағы су деңгейі төмендей бастаған кезде ауа райы күрт нашарлады. Дананг қаласында өзендер арнасынан асып кетті.