Сот Алика Мұхамадиеваға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының соты Алика Мұхамадиеваға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған айыптау үкімін шығарды.

Осы үкіммен оған Қылмыстық кодекстің 74-бабының тәртібінде жазаны орындауды кейінге қалдыру шарасы тағайындалды.

Сот үкімімен Мұхамадиева ҚР ҚК-нің 174-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.

Кейінге қалдыруды қолдануға оның 2 жасар баласының болуы негіз болды.