Қытай орбитаға табиғи апаттардың алдын алатын жерсерік аттандырды. «Яогань-46» жерсерігі « Чанчжэн » зымыран тасымалдаушының көмегімен ұшырылды.
Ол жер сілкінісі, су тасқыны және өзге де табиғат апаттарын дәлірек қадағалауға көмектеседі. Сондай-ақ жер бетін бақылап, ауа-райын болжау мақсатында пайдаланылады. Бұл — «Чанчжэн» зымыранының 605-ші ұшырылымы.