"Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының" аумағында қойылған фототұзаққа үнді жайрасы ілікті. Сирек кездесетін аңның видеосы қорықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қорықтың мәліметінше, үнді жайрасы – кеміргіштер отрядына (Rodentia), жайратектестер тұқымдасына (Hystricidae) жатады, Қазақстанның IV санаттағы сирек әрі аз зерттелген түрі.
Мекендейтін жері – тау шатқалдары, қыратты-жартасты жерлер және тау етектері. Көбіне түнде белсенді болады.
Ең қызығы, денесінде мыңдаған ине болса да, олардың жалпы салмағы бар болғаны 100 граммдай.
Аяқтары қысқа, бірақ ін қазуға арналған тырнақтары өте мықты келеді.
Айта кетелік, бұған дейін "Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің аумағында үнді жайрасы фототұзаққа іліккен еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от QARATAÝ QORYǴY (@karatau_nature_reserve)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз