Түркістан облысы Түлкібас ауданында болған атыстан бір қаза тауып, үш адам жараланды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қарашада түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелген.
Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы дереу шыққан. Іс-шаралар барысында аз уақыт ішінде күдіктілердің жеке басы анықталып, олардың бірі ұсталып, қамауға алынған.
"Осы факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы және екінші қатысушының орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз