Биыл заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырғаны үшін 89 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айыппұл сомасы 40 миллион теңгеге жуықтады. Ведомство мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тұрақты түрде бақылау жүргізіледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Егер азаматтар хаттамамен келіссе, айыппұлды өз еркімен төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданады.

Заңға сәйкес, лотерея өткізетін операторлық мәртебесі жоқ жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (368 мың теңге), шағын кәсіп иелеріне 300 АЕК (шамамен 1,1 млн теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, жаза қатаңдап, 750 АЕК-ке дейін артады және заңсыз табыс тәркіленеді.