Атырау облысы Құлсары қаласында 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева із-түссіз жоғалып кетті.

Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жұлдызай Мұсағалиева 24 қазан күні кешкі сағат 17:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Жасөспірім қыз қара түсті жейде, қара шалбар және ақ түсті аяқ киім киген. Қолында қоңыр түсті сөмке мен iPhone 11 маркалы телефон болған. Полиция бойжеткен туралы ақпарат білетіндерді 102 телефонына хабарласуды сұрайды.