2 қарашада кешке Атырау-Орал тас жолының 27-ші шақырымында КАМАЗ бен LADA Granta көліктері соқтығысты. Апат салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының мәліметінше, тағы төрт ересек адам түрлі дене жарақатын алған.

"Оқиға орнында екі бала қаза тапты. Үш жолаушы мен Lada Granta-ның жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды", — деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы – Бішкек тас жолында үш көлік соқтығысқаны хабарланған болатын.