Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду жуырда өзінің кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әлемнің үздік футболшысы журналист Пирс Морганның YouTube-тегі арнасына берген сұқбатында айтты.
"Жақын қалды. Мен кәсіби мансабымды аяқтаймын. Бірақ мен бұған дайынмын деп ойлаймын. Иә, әрине, оңай болмайды, қиын жағдай. Мені жылайды дейсіз бе? Иә... Бұл өте қиын кезең болады, бірақ мен бұл жағдайға алдын ала 25, 26, 27 жасымнан бастап дайындалдым", – деді Роналду.
Өткен маусымда Роналду барлық турнир бойында, "Әл-Наср" намысын қорғаған 41 матчта 35 гол соғып, төрт рет сәтті пас берген. Осы маусымда саудиялық клуб бес кездесуде 15 ұпай жинап, Сауд Арабиясы чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.
Роналду отбасымен бірге 2023 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясына көшіп келіп, "Әл-Наср" командасының сапында шабуылшы ретінде өнер көрсетуде. Ислам елінде некесі қиылмаған еркек пен әйелдің бір шаңырақ астында өмір сүруіне тыйым салынатындығына қарамастан, аты аңызға айналған футболшыға мұнда бір мүмкіндік берілді.
Бұған дейін саудиялық "Әл-Насыр" өзінің шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырғанын жазғанбыз.