Алматылық "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі команда мүшелерінің Италиядағы алғашқы жаттығуынан фото жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматылық клубтың "Интермен" ойыны алдындағы алғашқы жаттығуынан фотолар клубтың желідегі парақшасында жарияланды.
"Бірінші кеш – бірінші жаттығу", — делінген жазбада.
Бұған дейін "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі команда ойыншыларының Италияға аттанғанын, онда Миланның "Интеріне" қарсы ойын өткізетінін хабарлады. Матч әйгілі "Джузеппе Меацца" стадионында болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз