Ол республикашыл Кертис Сливаны және бұрынғы губернатор, АҚШ президенті Дональд Трамп қолдаған кандидат Эндрю Куомоны басып озды.
Осылайша, Зохран Мамдани Нью-Йорк тарихындағы тұңғыш мұсылман мэр атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
34 жастағы саясаткер Угандада туған, кейін Оңтүстік Африка Республикасына, сосын АҚШ-қа көшкен.
Саясатқа қадам баспас бұрын ол тұрғын үйінен айырылу қаупі бар адамдарға көмектесумен айналысты. Сол себепті, оның сайлауалды науқанының басты тақырыбы қолжетімді баспанаға арналды. Мұнан бөлек, байларға салынатын салықты арттыруды көздеді, ең төменгі жалақыны көтеруді және мектепке дейінгі білім мен автобустағы жолақыны тегін етуді қолдады.
Зохран Мамдани – ұзақ жылдан бері, дәлірек айтқанда 2017 жылдан бері "Америка демократиялық социалистері" ұйымының мүшесі. Жаңа мэрдің көзқарасы қоғамды қақ жарып, түрлі пікір туғызады. Солай бола тұра, Мамдани Демократиялық партияның праймеризінде сенімді жеңіске жетіп, сайлауда да қарсыластарын қапы қалдырды.