Атырау қаласында қайталанатын қылмыстардың алдын алу мақсатында электронды бақылау жүйесі енгізілді.

Жаңа жүйе ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл шара "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүзеге асуда.

Енді бұрын сотталған, шартты түрде босатылған немесе әкімшілік қадағалаудағы тұлғаларға электронды бақылау құрылғысы орнатылады. Құрылғы олардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап, белгіленген аумақтан шықпауын және тыйым салынған орындарға бармауын қадағалайды.

Полиция қызметкерлері есептегі азаматтармен кездесіп, жүйенің жұмыс тәртібі мен артықшылықтарын түсіндірді.

Электронды бақылау жүйесінің енгізілуі құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттырып, профилактикалық есептегі азаматтардың заң талаптарын қатаң сақтауына ықпал етеді.