Бирмингем университетінің ғалымдары какаоның денсаулыққа күтпеген пайдасын анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша, табиғи какао ішу ұзақ уақыт қозғалыссыз отырудан туындайтын қан тамырларына зиянды салдарды азайтуға көмектеседі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір жастардың көпшілігі күнінің шамамен алты сағат уақытын қозғалыссыз отырып өткізеді. Мұндай өмір салты семіздікке, жүрек-қан тамырлары ауруларына және тіпті депрессияға әкелуі мүмкін. Ұзақ отыру қан тамырларының жұмысына әсер етіп, қан айналымын баяулатады.

Ғалымдар 40 жас жігітке тәжірибе жүргізген. Бір топқа флаванолдары көп табиғи какао, ал екінші топқа құрамында флаванолдары жоқ какао берілген. Олар екі сағат бойы отыруы керек. Кейін кан тамырларының жағдайы тексерілді.

Нәтижесінде

Жаттығу жасайтындарда да ұзақ уақыт отыру қан тамырларының қызметін төмендетеді. Бірақ флаванолға бай какао ішкендердің артериялары икемді болып қала береді және қан айналымы бұзылмайды.

Флаванолдар ағзада азот тотығының түзілуін арттырады, ал ол қан тамырларын кеңейтіп, қан айналымын жақсартады. Сондықтан какао бұл процесті қолдап, зиянды әсердің алдын алады.

Пайдасы болуы үшін:

  • Какао құрамында кем дегенде 70 пайыз табиғи какао болуы керек;
  • Шоколадтың да пайдалысы тек какаосы көбі.

Алдыңғы зерттеулер көрсеткендей, күн сайын ұзақ отыру:

  • кез келген себептен қайтыс болу қаупін 16 пайызға,
  • жүрек ауруынан қайтыс болу қаупін 34 пайызға арттырады.