1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда азаматтарға арналған автолизинг іске қосылады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Instagram парақшасында жазды. 1 желтоқсаннан бастап елімізде жаңа қаржы құралы — жеке тұлғаларға арналған автолизинг тетігі енгізіледі.

"Көлік сатып алу — көптеген азамат үшін қиын мәселе. Көпшіліктің қымбат несие алуға немесе жылдар бойы алғашқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз екі жыл бұрын алғаш көтердік. Бүгінде ол нақты нәтиже берді, Президент тапсырмасымен жеке тұлғаларға арналған автолизинг механизмі іске қосылады", — деді депутат.

Еске салайық, бұған дейін отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл көлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастыратыны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget