Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты жаңа дерек жұрттың назарын аударды. Белгілі болғандай, оның өнердегі бірқатар әріптестері үш жыл бұрын өткен екінші әйелінің інісінің тойында қонақ болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған суреттер мен видеоларда Тұрсынбектің өнердегі серіктестері асаба болып, құттықтау айтып тұрған сәттер бар. Бұл кадрлар көпшілік арасында қызу талқы туғызды.

Кейбір қолданушылар «бәрі білген, бірақ үндемеген» деп жазса, енді бірі «бұлардың да екінші әйелдері бар шығар» деген пікір білдірді.

"Мен таң қалып тұрмын. Олар бәрін білген. Тоқалының туған інісінің 1 жас тойы, Тұрсынбек күйеу балдары. Қанат Әлжаппаров, Қайрат Әділгерей, Әбдіжаппар Әлқожа бәрі жүр. Сурет 2022 жылғы", — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Айта кетейік, соңғы уақытта Мөлдір Мұқанның желідегі белсенділігі артқан. Ол күйеуінің ауыр жағдайда болған сәттерінде жанынан табылғаны туралы жазба қалдырып, елдің жүрегін елжіреткен еді.

Ал әзірге Тұрсынбектің өзі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.