"Қазгидромет" РМК 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылатынын хабарлап, 12 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/сө-а жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында қар, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысында қар жауып, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз