"ҚазАвтоЖол" компаниясы күн райының нашарлауына байланысты республикалық автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарлауынша, 5 қарашада Қостанай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, СҚО, ШҚО, Ақтөбе және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", — деп ескертті компания өкілдері.

Мамандар алыс жолға шығуды жоспарлаған жүргізушілерге 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз