Полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді .

Атырауда полиция жаяу жүргіншілер жолында қауіпті бейнетүсірілім ұйымдастырған екі қызды әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

5 қарашаға қараған түні Атырау қаласында 18 және 21 жастағы екі қыз жаяу жүргіншілер өткеліне әдейі жатып, көлік қозғалысын бөгеп, бұл әрекеттерін видеоға түсірген.

Тексеру нәтижесінде аталған әрекеттер Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу ретінде бағаланып, екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысы полиция департаменті "лайк" пен "контент" үшін жасалған мұндай "шоу" жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей қауіп төндіретінін ескертті.