Астанада құтқарушылар екі ер адамға көмек көрсетті. Олардың бірі лифт шахтасына құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қараша күні әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адам лифт есігін теуіп ашып, ішке кіріп кеткен сәт көрсетілген. Ақпаратта айтылғандай, лифт істен шыққан, нәтижесінде ол шахтаға түсіп кеткен.
Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 4 қараша күні болғанын растады.
"05:11-де "112" қызметіне Нұра ауданындағы Сығанақ көшесі, 32-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешеніндегі лифтте адам қалып қойғаны және лифт шахтасына түсіп кеткен зардап шеккен адам болуы мүмкін деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қол құралдарының көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды босатты. Сонымен қатар, лифт қызметі мамандарымен бірге 1987 жылы туған ер адамды лифт шахтасынан шығарып алды. Ол медициналық қызмет бригадасына тексеріс үшін тапсырылды", – деп хабарлады ведомство.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от kris_p_astana_ (@kris_p_astana_)
Бұған дейін Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жаппай төбелес болғанын жазған болатынбыз.