Бүгінде тікелей америкалық инвестиция көлемі 60 млрд доллардан асқан.
Бұл туралы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың қатысуымен өткен Вашингтондағы жиында айтылды. Іс-шара «С5+1» форматы шеңберінде ұйымдастырылды. Салтанатты қабылдауға Орталық Азия елдерінің Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысты. Басқосу кезінде өңірдегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Америка тарапы болса, ынтымақтастықты нығайтып, өңірлердің орнықты дамуына бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.