Бұл туралы Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council, WGC) хабарлады.
2025 жылдың қыркүйегінде әлем елдерінің орталық банктері шамамен 39 тонна алтын сатып алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алтынды ең көп сатып алған елдер:
- Бразилия – +15 тонна;
- Қазақстан – +8 тонна;
- Гватемала – +6 тонна;
- Ресей – +3 тонна;
- Түркия, Қытай, Чехия және Гана алтын қорын 1-2 тоннаға арттырған.
Ал Өзбекстан қыркүйекте алтын сатқан жалғыз ел болды – 4 тонна бөлек шығарған.
Жалпы, әлем бойынша қыркүйек айында таза алтын сатып алу көлемі 200 тоннаны құрады – бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% төмен болып саналады.
2025 жылы ең ірі сатып алушылар тізімі:
- Польша Ұлттық банкі – 67 тонна;
- Қазақстан Ұлттық банкі – 40 тонна;
- Әзербайжан орталық банкі – 38 тонна.