Бірінші ретте ата-аналарға тек ескерту жіберіледі.

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңнамадағы норма аясында ата-аналар жауапкершілігі көзделген. Егер оқушы сабақ үстінде телефон қолданса, онда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша шара қолданылады. Бұл – ата-аналардың жауапкершілігін қарастыратын жалпы бап. Бірінші рет ескерту беріледі. Қайталанған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", – деді ведомство өкілі.

Оқушылар мектепке телефон әкеле алады, алайда оны оқу процесінде пайдалануға тыйым салынған. Тек төтенше жағдайларда немесе мұғалім рұқсат берген кезде ғана смартфонды пайдалануға рұқсат.