Тергеу нәтижесінде Алатау аудандық соты жүргізушіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша кінәлі деп таныды.
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жастағы қызды қағып кеткен жүк көлігі жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қайғылы оқиға биыл 2 сәуірде Алатау ауданында орын алды. Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай көшесімен келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды анасының көзінше басып кетті.
Айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.