Қазақстан және АҚШ арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды", — делінген хабарламада.

Құжатқа Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз